31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні Түркістан облысы Кентау қаласында газ жарылып, 18 жастағы студент қыз қаза болды.
«Криминалды Қазақстан» телеграмм-арнасы марқұмның суреті мен сол түндегі жарылыстың видеосын жүктеген.
Марқұмның туған-туысы апатқа кінәлі адамдардың жазалануын талап етіп отыр. Себебі, мекеме қызметкерлері газдың иісі қатты шықса да оларды жұмыстан босатпай қойған екен.
Жалпы, жарылыстан төрт адам жараланған. Олардың екеуі ауыр хәлде реанимацияда жатыр. Қаза болған бойжеткен осы қаладағы оқу орындарының бірінде екінші курс оқитыны және бұл жұмысқа небары бір ай бұрын ғана келгені белгілі болып отыр.
