Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Ақтөбе облысында 1990 жылғы туған азаматқа іздеу жарияланды

Фото: instagram.com/polisia_aqtobe
Ақтөбе облысының криминалды полициясы қылмыс жасады деген күдікпен 1990 жылғы туған Медет Есжанов есімді азаматқа іздеу жариялайды.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы қылмыс жасады деген күдікпен 1990 жылғы 30 қарашада туған Есжанов Медет Тілеуұлына іздеу жариялайды. Ол – Ақтөбе облысының тумасы, — деп хабарлайды полиция департаменті.

Іздеудегі азаматтың мынандай белгілері бар:

  • Бойы: 170–175 см
  • Дене бітімі: арықша
  • Шашы: қара
  • Көзі: қоңыр

Аталған тұлғаның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіздер, мына нөмірлерге хабарласуларыңызды сұраймыз: 8-708-563-38-50, 8-701-380-80-30. 102 | 936-100 | 936-118. Анонимдікке кепіл береміз, — делінген хабарламада.

Мақалаға реакция