Тоқаев: TikTok, Instagram, Telegram шынайы тыныс-тіршіліктен алыс

Не болды?

Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түркістан» газетіне берген ауқымды сұхбаты жарияланды. Президенттің айтуына қарағанда, қазіргі әлеуметтік желілер еңбек адамдарының шынайы тыныс-тіршілігінен алыста.

Мәлімет

Оның айтуына қарағанда, қазіргі таңда баспасөз заман талабына бейімделіп, ақпарат айдынынан өз орнын тауып отыр. Газет тілшілері терең сараптамалар жасап, ағартушы­лық­пен айналысып жүр. Кәсіби жур­налистер сапалы материалдар әзір­леп, дәстүрлі құндылықтарды сақтауға елеу­лі үлес қосып жатыр.

Газет-журналдар қайта өрлеу дәуірі­нің бастауында тұр. Себебі, әлеуметтік же­лі адамның ойлау қа­біле­тіне зор зиян келтіріп жатыр. Жасы қы­рыққа жетсе де, білімі мен ой-өрісі он бес жастағы жасөспірімдер деңгейін­де қалып қойған азаматтарды қазірдің өзін­де кездестіруге болады. Ел ішіне кең тарал­ған TikTok, Instagram немесе Telegram ар­налары еңбек адамдарының шынайы тыныс-тіршілігінен алыс екенін өзіңіз де жақсы білетін шығарсыз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент қоғамның жаңалық оқып, бейнежазба көрумен шектелмей, мән-мағынасы терең ақпараттың да қа­дірін білгенін қалайтынын айтты.

Көп­теген жастарымыздың да дәл солай ойлайтынына қуанамын. Себебі, олар адамды тығырыққа тірейтін елес-қиял әлемінде өмір сүруді емес, нағыз білім-ғы­лым жолына түсуді мақсат тұтады. Оқу мәдениеті жоғары елдер әрдайым жаһандық дамудың алғы шебінде бола беретіні сөзсіз. Бұған еш күмәнім жоқ, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да