5 қаңтар күні президенттің ірі сұхбаты жарияланатын болды

Не болды?

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа сұхбаты 5 қаңтарда жарияланады. Бұл туралы мемлекет басшысының көмекшісі және баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

Мәлімет

5 қаңтарда «Түркістан» газеті мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен басылымның бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы арасындағы кең ауқымды сұхбатты жариялайды, – деп жазды ол Telegram арнасында.

Контекст

Естеріңізге салайық, былтырғы жылдың басында «Ана тілі» газетінде президенттің кең көлемді сұхбаты жарияланған еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да