Астанада бүгін жаңбыр жауды. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көктайғаққа қарсы жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп жатыр.
Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлап отыр.
Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарын сақтық шараларын сақтауға шақырды: көшеде жүргенде, әсіресе жолдан өту кезінде мұқият болып, таймайтын аяқ киім киіп, мүмкіндігінше алыс жолға шықпаған жөн.
Жүргізушілерге көріну деңгейінің төмендеуін және жолдың тайғақ болуын ескеріп, жылдамдық режимін және арақашықтықты сақтау, сонымен қатар көліктің техникалық жағдайын және шиналардың ауа райына сәйкестігін тексеру ұсынылады, — деп жазылған хабарламада.
Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда 112 нөмірі арқылы жедел қызметтерге хабарласу қажет.
