Шымкентте бір отбасының 8 мүшесі уланып қалды

Шымкенттің Абай ауданында бір отбасының сегіз мүшесі газдан уланып қалды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлап отыр.

Оқиға 28 желтоқсан күні болған. Алдын ала мәлімет бойынша, улануға түтін мұржасының қауіпсіздік талаптарына сай келмеуі себеп болған.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта зардап шеккен азаматтардың жағдайы қанағаттанарлық, барлығы медициналық бақылауда.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары тұрғындарға газ жабдықтарын уақытылы тексертіп отырудың маңыздылығын ескертті. Сонымен қатар түтін мұржасының дұрыс орнатылғанын қадағалау, үй ішіндегі газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету үшін арнайы ұйыммен келісімшарт жасау қажет екенін атап өтті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да