Бүгін, 26 желтоқсан күні түскі сағат 13:00-де ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше жол жабылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлап отыр.
«ҚазАвтоЖолдың» мәліметінше, оңтүстік өңірлердің жолдары жабылып отыр. Жамбыл облысында мына жолдар кешкі 18.00-ге дейін жабылды:
- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 534-593 шақырым аралығы (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін).
Түркістан облысының да біраз аймақтарында жол жабылған:
- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 593-654 шақырым аралығы (Жамбыл облысының шекарасынан Машат ауылына дейін).
Ауа райы тұрақтанса, жолдар кешкі сағат 18:00-де ашылады.
