Мемлекет басшысы «2025 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін президенттің арнаулы әдеби сыйлығын беру туралы» жарлыққа қол қойды.
Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Биыл жас жазушылар мен ақындар үшін президенттің арнаулы әдеби сыйлығы:
«Проза» номинациясы бойынша «Тергеуші» туындысы үшін Арман Ерланұлы Әлменбетке;
«Поэзия» номинациясы бойынша «Құмдағы хикая» өлеңдер жинағы үшін Саян Кенжеғалиұлы Есжановқа;
«Драматургия» номинациясы бойынша «Ақ киіз» драмалық шығармасы үшін Бауыржан Ширмединұлы Мұстафиевке;
«Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша «Жазда атамның ауылында…» өлеңдер жинағы үшін Асылан Біржанұлы Тілегеновке берілді.
