Ақтөбе облысының Темір ауданында 1984 жылғы малшы аязды түнде адасып кеткен. Бұл туралы ТЖМ хабарлап отыр.
ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар малшыны іздеуге шыққан.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам 20 желтоқсан күні түстен кейін мал іздеуге атпен шығып, қайта оралмаған. Онымен байланыс болмаған.
Іздеу жұмысына ТЖМ, ПД және жергілікті атқарушы органдар күштері жұмылдырылды. Кинологиялық есептоп, ұшқышсыз ұшу аппараты және Starlink спутниктік байланысы бар ТЖМ тобы жіберілді. Бүгін іздестіру тобы жоғалған азаматты Шұбарқұдық кентінен 30 шақырым қашықтықтан тапты, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Ер адамның жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж емес.
