№1. «Фотоны» панарома режиміне қойып, суретке түсіруді бастаңыз. Моделіңіз сізді айнала жүгіріп, нысанаға алынсын. Сонда бір панаромалы кадрда моделдің бірнеше кейпін түсіруге болады. Мұны «панодаш» деп атайды.

№2. Көлікте отырып жалықтыңыз ба? Жол-жөнекей панорама режимімен ерекше кадр түсірсеңіз болады.

№3. Зум-объектив. Қарапайым бинокольді зум-объектив ретінде пайдаланып көріңіз.

№4. Макрообъектив. Су тамшысы арқылы смартфон камерасымен макропландағы суреттерді түсіріп көріңіз. Кішкентай су тамшысы камера ішіне кіріп кетеді деп уайымдамаңыз. Алайда барынша сақ болғаныңыз жөн.

№5. Рефлектор. Көліктерге арналған фольга портрет түсіруге таптырмас құрал бола алады (видеодан рефлектормен және рефлекторсыз түсірілген фотоларды салыстырып көріңіз).

№6. Штатив және кабель. Қатты қағаздың кішкентай бөлігін алып, видеода көрсетілген тәсіл бойынша форма жасаңыз. Құлаққапты іске қосып, қолдан жасалған тұғырмен ең қиын мекендерден фото түсіріңіз.

№7. Су астындағы кадр. Стақанның бойымен келетіндей су ішінен ерекше кадрларды дүниеге әкелуге болады. Сумен жұмыс істегендіктен, барынша сақтық шараларына мұқият болыңыз.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!