Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Императорының сарайына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Император Нарухито қарсы алды, — деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды. Қазақстан президентін Токио қаласының Ханэда халықаралық әуежайында Жапонияның мемлекеттік сыртқы істер министрі Аяно Кунимицу қарсы алды.
Мемлекет басшысы бүгін Жапония императоры Нарухитомен және премьер-министр Санаэ Такаичимен келіссөздер жүргізеді.
