Ақылы жолдарда төлем жасау тәртібі жеңілдеді

Ақылы жолдардағы төлем жасау тәртібі жеңілдеді. Бұл туралы көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ведомство ақылы автожолдарда жолақы төлеу ережелерін жаңартуды жоспарлап отыр.

Министрліктің мәліметінше, жаңа өзгерістер жүргізушілерге төлемді уақытында әрі ыңғайлы жасауға қосымша мүмкіндік береді. Бұған дейін жолақы жеті күнтізбелік күн ішінде төленбесе, сегізінші күні материалдар әкімшілік іс ретінде көлік бақылау органдарына жолданатын.

Енді жеке тұлғалар үшін төлем мерзімі ұзартылады. Жаңа тәртіп бойынша, егер жүргізуші ақылы жолды пайдаланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде төлем жасамаса, материалдар 31-күні ғана әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес көлік бақылау органдарына жіберіледі. Сонымен қатар заңды тұлғалар үшін бөлек механизм енгізіледі. Егер заңды тұлға есептік кезеңнен кейінгі айдың 20-сына дейін жолақы төлемін жүзеге асырмаса, материалдар келесі күні тиісті органдарға жолданады, — делінген хабарламада.

Министрлік бұл өзгерістер төлем жасау үдерісін жеңілдетіп, мерзімді ұзартуға және объективті себептермен кешіктірілген төлемдер үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылу қаупін азайтуға бағытталғанын атап өтті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да