Қазгидромет 10 желтоқсанда қай аймақта дауыл соғатынын ескертті.
Алматы мен Қонаев қалаларына қалың қар жауып, кейде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.
Жетісу, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында жел соғады.
Алматы, Абай, Шығыс Қазақстан облысы мен Жетісу облысының таулы аудандарына қар түсіп, бұрқасын соғып, көктайғақ болуы мүмкін.
Жамбыл облысына тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақмола мен Павлодар облысына қар жауып, бұрқасын жел соғады.
Қарағанды облысына да қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ұлытау, Батыс Қазақстан облысы, Түркістан облыстарына тұман түседі.
Маңғыстау облысында көктайғақ болады.
