Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Түркістан облысында 7 адам уланып қалды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Ақжар ауылында бір отбасы көмірқышқыл газынан уланып қалды.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлап отыр.

Оқиға 25 қараша күні таңғы сағат 10:00 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын үйдегі пештің дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан қатты отын толық жанбай, ауаға көмірқышқыл газы тараған.

Салдарынан үйдің жеті тұрғыны — оның ішінде бес бала уланып қалған. Департамент мамандарының айтуынша, олардың барлығы аман, қазіргі уақытта денсаулықтары қанағаттанарлық.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаны үшін үй иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мақалаға реакция