Басты бетЖаңалықтар"Асыл-Инвесттің" акциялары...

«Асыл-Инвесттің» акциялары 1,5 млрд теңгеге сатылады

«Мәміле әлі аяқталған жоқ. «Асыл-Инвест» акционерлерімен сату туралы келісімге келіп, рәсімдеуді бастап кеттік.  Бізге әлі реттеуші тарапынан рұқсат алып, бірігу үшін басқа шектеулер жоғына көз жеткізу қажет», деді Турлов.

Нәтижесінде отандық қор нарығында ең ірі компания пайда болады. Әзірше сатып алу құны 1,5 млрд теңге. Толық құны мәміле аяқталған соң белгілі болады.

Компания басшысының айтуынша «Асыл-Инвест» штатындағы 30 адам жаңа компанияға ауысады. Мәміле аяқталған соң жаңа компанияның клиенттер саны 50 мыңнан асады. Оның 3 мыңы «Фридом Финансқа», 20 мыңы «Асыл-Инвестке» тиеселі.

«Фридом Финанс» инвестициялық компаниясы брокерлік және консалтингтік қызмет ұсынады. 2006 жылдан бері Қазақстанның қор биржасының кәсіби қастысушысы, құнды қағаздар нарығында инвестициялық портфель мен брокерлік-дилерлік қызмет көрсетумен айналысады.

«Асыл Инвест» 2007 жылы құрылған. Брокерлік қызмет көрсету, қаржылық кеңес беру, инвестициялық портфельді басқару қызметін ұсынады.

Дереккөз7kun.kz