Философ Жабайхан Әбділдин қайтыс болды

Философ Жабайхан Әбділдин қайтыс болды. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева хабарлап отыр.

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлттық ғылым академиясының академигі, еліміздегі диалектикалық логика мектебінің негізін қалаған белгілі ғалым Жабайхан Әбділдин өмірден өтті. Жабайхан Мүбәракұлы отандық философияның, әсіресе диалектикалық логика мектебінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан бірегей тұлға, пайым-парасаты биік абзал азамат еді, – деп жазды Аида Балаева Facebook-парақшасына.

Жабайхан Әбділдин 1933 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.  Ол – философия ғылымының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстандағы диалектикалық логика мектебінің негізін салған ғалым.

Оның ғылыми жетекшілігімен 10 ғылым докторы, 40-қа тарта ғылым кандидаты шыққан.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да