«Власть» басылымы DDoS-шабуыл жасалғандықтан сайт жұмысы нашарлағанын хабарлады.
Сайт бірнеше күн бойы шабуылға ұшырады, солардың ең ауқымдысы бүгін болды. Басылым провайдерінің техникалық мамандары DDoS-шабуылды тойтару жұмысын жүргізіп жатыр, – деп жазды сайт Telegram-арнасына.
«Власть» – қоғамдық-саяси, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді талдап жазатын сайт.
Естеріңізге сала кетейік, 1 желтоқсанда Гүлнәр Бажкенованың үстінен «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, арнайы жасақ журналистің үйі мен Orda сайтының Алматыдағы редакциясын тінткен.
Қазақстанда журналистер қысымға жиі шағымданады.
