«Аңдар шаһары 2» 989 920 997 теңге табыс тапты

«Аңдар шаһары 2» анимациялық фильмі прокаттың алғашқы аптасында 989 920 997 теңге табыс тапты. Бұл туралы Freedom Ticketon хабарлап отыр.

Freedom Ticketon 27-30 қараша аралығында ең көп касса жинаған фильмдердің тізімін жасады. Тізімде «Аңдар шаһары 2» анимациялық фильмі алғашқы орында тұр. Туынды 989 920 997 теңге касса жинаған.

Екінші орында екі аптадан бері көрсетіліп жатқан «№37» фильмі тұр. Бұл фильм 147 694 300 теңге табыс тапқан. Ал үшінші орынға 142 691 640 теңге касса жинаған «Иллюзия обмана 3» жайғасқан.

Естеріңізге сала кетейік, Disney компаниясының анимациялық фильмі «Аңдар шаһары 2» 27 қарашадан бастап қазақ тілінде көрсетіліп жатыр.

Бұл жолы детектив қоян Жуди Хоппс пен түлкі Ник Уайлд жұмбақ рептилияның ізіне түседі. Фильм режиссерлары — «Оскар» жүлдесінің иегерлері Жаред Буш пен Байрон Ховард.

«Аңдар шаһары» фильмінің бірінші бөлімі 2016 жылы шыққан.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да