Алматы облысында жол апаты болып, 7 адам мерт болды. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті хабарлап отыр.
Оқиға Алматы – Бішкек трассасында болған. Honda Odyssey көлігі алдында кетіп бара жатқан тіркемесі бар HOWO жүк көлігіне соғылған.
Жол-көлік оқиғасында Honda Odyssey көлігінде болған жеті адамның барлығы, оның ішінде жүргізуші де көз жұмды, – делінген полиция хабарламасында.
Қазір қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
Ішкі істер министрлігінің дерегі бойынша, Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 2500 адам жол апатынан қаза табады. 2022 жылы 2425 адам, 2023 жылы 2543 адам, 2024 жылы 2579 адам жол апатынан қаза болған.
