3 өңірде жол қозғалысына шектеулер шектеулер әлі алынбады

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ел аумағындағы автомобиль жолдарының қазіргі ахуалына қатысты ақпарат таратты.

Жаңа шектеулер енгізілмегенімен, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында бұған дейін қойылған қозғалыс шектеулері әлі де күшінде.

Павлодар облысы

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» тасжолында Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астана бағыты аралығында барлық көлік түріне қозғалыс уақытша тоқтатылған.

Қалқаманнан Астанаға қатынас Береке «Қалқаман – Ақсу» айрығы арқылы (6 км), ал Павлодардан Қалқаманға қозғалыс «Баянауыл» көлік айрығы арқылы ұйымдастырылып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысы

«Тимирязево – Сарыкөл – облыс шекарасы» жолының 0–30 шақырымында (Қостанай облысы шекарасы – Тимирязево ауылы) барлық көлік түріне шектеу сақталып тұр.

Шығыс Қазақстан облысы

Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша тоқтатылған. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» тасжолының Северное – Серебрянск қаласы аралығындағы 46–66 шақырымдық учаскесінде қолданылады.

Компания жолдардағы жағдайға байланысты жүргізушілерді сапар алдында ауа райы мен шектеулерді тексеріп отыруға шақырады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да