Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Апелляциялық сот «Дикий Арманның» үкімін өзгеріссіз қалдырды

Фото: instagram/armandzhumageldiev
Алматыда «Қаңтар оқиғасына» қатысты айыпталған Арман Жұмагелдиевтің апелляциялық шағымы қаралды. Бұл туралы Алматы қалалық соты хабарлап отыр.

Сот алқасы бірінші инстанцияның үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады. Бұған дейін, 27 қаңтарда, «Қаңтар ісі» бойынша 44 адамға қатысты үкім шыққан еді. Айыпталушылардың қатарында «Дикий Арман» лақапатымен танылған Арман Жұмагелдиев, Алматы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайберген және ҰҚК-ның бесінші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов бар.

Еске салайық, сот үкімі бойынша Арман Жұмагелдиев 20 жылға бас бостандығынан айырылған.

Үкімнен кейін Арман Жұмагелдиевтің қамауда өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы ақпарат тараған болатын, алайда бұл ақпаратқа ресми түрде нақты түсініктеме берілген жоқ.

Мақалаға реакция