Шығыс Қазақстан облысында жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соғысып, салдарынан бірнеше адам қаза болды. Бұл туралы YK-news.kz хабарлап отыр.
Қайғылы оқиға 24 қараша күні «Омбы – Майқапшағай» республикалық маңыздағы автожолдың 877-шақырымында Тарбағатай ауданында болған. Жол апатына Chevrolet Onix және Howo маркалы жүк көлігі қатысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet Onix автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан қаза болды. Тағы бір жолаушы медициналық мекемеге жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды, — делінген ШҚО полиция департаментінің хабарламасында.
Оқиға бойынша алдын ала тергеу басталды.
