Қазақстанда 107 мал ұрлығы ашылды

ІІМ ел аумағында өткен «Мал ұрысы» атты кең ауқымды жедел-профилактикалық іс-шараның нәтижелерін жариялады.

Бұл туралы ІІМ хабарлап отыр.

Үш күнге созылған рейд барысында тәртіп сақшылары мал ұрлығына қатысты құқықбұзушылықтарды анықтау үшін ауқымды тексерулер жүргізді. Министрліктің мәліметінше:

  • 12 мыңнан астам мал тасымалдаған көлік,

  • 3,5 мыңға жуық мал қабылдау орны,

  • 8 мыңнан астам шаруа қожалығы мен ферма тексерілген.

Нәтижесінде бірқатар заңсыздықтар анықталды:

  • Астана мен Алматыда алты заңсыз мал сою цехының жұмысы тоқтатылды;

  • Елорда базарларының бірінде жалған мөр қолдану фактісі тіркелді;

  • 113 күдікті ұсталып, 20 қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды;

  • 107 мал ұрлығы дерегі жедел ашылды;

  • 800-ден астам бас мал иелеріне қайтарылды.

Өңірлердегі нақты мысалдар:

  • Павлодар облысында алты эпизод бойынша 43 бас ірі қара ұрлаған төрт адамнан құралған топ ұсталды;

  • Жетісу облысында 50 бас ірі қараны ұрламақ болған қылмыстық топ дер кезінде құрықталды;

  • Ақтөбе облысында еркін жайылымда жоғалып кеткен 20 жылқы табылып, иелеріне қайтарылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да