Саяхат кезінде нені суретке түсіруге болмайды?

Көш басында Солтүстік Корея тұр. Бұл елде кедейлерді, арық адамдарды, ескі-құсқы киім кигендерді, әскери қызметкерлерді түсіруге тыйым салынған.

Екінші орында Америка. Мұнда  автострада мен туннельдерді, көпірлер мен балаларды суретке түсіруге болмайды.

Ал Таяу Шығыста әйелдерді олардың келісімінсіз суретке түсірсеңіз, жауапқа тартыласыз. Бұл елдерде байлардың үйлерін де суретке түсіруге тыйым салынған.

Жапонияда бейіттер мен құдай мүсіндері тұрған аумақты суретке түсіруге болмайды.

Перуде үндістерді тек олардың келісімімен ғана суретке түсіре аласыз.

Үндістанда ғибадатханаларда, Қытайда әскери және үкіметтік мекемелерде суретке түсуге  болмайды.