Алматы облысында шетел туын өртегендер жазаланды

Алматы облыстық полиция департаменті Ұйғыр ауданында рұқсатсыз өткен жиынға қатысты 12 адамның жауапкершілікке тартылғанын хабарлап отыр.

Полицияның мәліметінше, бір топ азамат шетел мемлекетінің туы мен сол елдің көшбасшысының бейнесін өртеген. Құқық қорғау органдары нақты қай мемлекет туралы екенін жариялаған жоқ.

Сот шешімімен 12 адамға ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша айып тағылып, 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар тағы алты қатысушыға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды, – делінген хабарламада.

Полиция өкілдерінің айтуынша, оқиғаға байланысты «алауыздықты қоздыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Облыстық полиция мемлекеттік рәміздерге қол сұғу, алауыздық тудыру немесе қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін кез келген әрекет заңға қайшы екенін еске салып, мұндай құқықбұзушылықтардың жолы кесілетінін жеткізді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да