Не болды?
Қазақстанның халық әртісі, әлемге әйгілі опера әншісі Майра Мұхамедқызы шығармашылық жолының 30 жылдығына орай Париждегі әйгілі Гәвул залында жеке концертін өткізді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлап отыр.
Мәлімет
Концерт бағдарламасына қазақ, француз, италиан, орыс және қытай классикасының шығармалары енгізілді. «Біржан мен Сара», «Ер Тарғын» және «Абай» операларынан ариялар, сондай-ақ Майра Мұхамедқызының орындауындағы қазақтың халық әндері ұсынылды.
Сахна төрінде Майра Мұхамедқызымен бірге пианист Әлияр Өтетілеу және Шымкент қалалық опера және балет театрының квартеті өнер көрсетті.
