Тоқаев «Белгісіз жауынгер бейіті» ескерткіш мемориалына гүл қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев «Белгісіз жауынгер бейіті» ескерткіш мемориалына гүл қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапарының екінші күні Александр бағындағы «Белгісіз жауынгер бейіті» мемориалына гүл қою рәсімінен басталды.

Бір минут үнсіздіктен кейін оркестр Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындады. Содан соң Құрмет қарауылы еліміздің ресми делегациясының алдынан салтанатпен сап түзеп өтті.

Қазақстан Ұлы Жеңіске зор үлес қосты. Майданға 1 миллион 200 мыңнан астам Қазақстан азаматы аттанып, олардың тең жартысы ерлікпен қаза болды. 500-ден астам отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атанды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да