Зейнетақы жинағын ипотека төлеуге пайдалану ұсынылды

Қазақстанда біржолғы зейнетақы төлемдерін ипотека бойынша негізгі қарызды өтеуге, ай сайынғы төлемді азайтуға және кредит мерзімін қысқарту үшін пайдалануға рұқсат етілуі мүмкін.

Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланған.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бұйрық жобасын әзірлеген.

Министрлік Қазақстан азаматтарының банктер алдындағы борыш жүктемесін азайту үшін зейнетақы жинағының артылған бөлігін ипотека бойынша негізгі қарызды өтеуге не ай сайынғы төлемді азайтуға не несие мерзімін қысқартуға пайдалануды ұсынып отыр.

Сонымен қатар жаңа салық кодексіне байланысты жеке тұлғалар зейнетақы төлемдерінен жеке табыс салығын төлеуден босатылады.

Бұйрық жобасы 21 қарашаға дейін қоғам талқысына шығарылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да