Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 2,4 миллион архив картасының құпиясы ашылды

Елімізде 1929-1956 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 2,4 миллионнан астам архив картасының құпиясы ашылды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

251 мың арнайы қоныс аударылғандардың ісі Президент мұрағатына өтеді. Содан кейін ол құжаттарды мүдделі азаматтар оқи алады.

Бас прокуратура мәжбүрлі, арнайы қоныс аударған және қылмыстық жауапкершілікке тартылған 311 мың адам ақталғанын да мәлімдеді.

Тағы 265 мың іс жыл соңына дейін Президент мұрағатына өтеді.

Айта кетейік, 2023 жылғы шілдеден бастап саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін жәрдемақы өсті.