Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Каспий теңізінен тағы 71 итбалықтың өлексесі табылды

Фото: Маңғыстау облыстық экология департаменті
Маңғыстау облыстық экология департаменті Құлалы аралының жағалауынан 71 итбалықтың өлексесі табылғанын хабарлап отыр.

Маңғыстау облысының экология департаменті, балық инспекциясы басқармасы және Гидробиология және экология институты мамандары 8 қараша күні Құлалы аралының жағалауында жоспардан тыс мониториң жүргізді.

Тексеру 71 өлі итбалықтың табылуына байланысты ұйымдастырылған. Экологтар теңіз суынан сынама алып, зертханалық талдаулар жүргізіп жатыр. Талдау нәтижелері жануарлардың қырылу себептерін анықтауға және теңіз экожүйесінің жағдайын бағалауға көмектеседі, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Баутино ауылы маңында алтаған өлі итбалық табылған еді, олардың кейбірі ауға оратылып қалған. Кейін Түпқараған ауданы жағалауында 112 өлі Каспий итбалығы анықталды.

Институт сарапшыларының алдын ала болжамынша, жаппай қырылуға жануарлардың иммунитетінің әлсіреуі мен ағзаларының төзімділігінің төмендеуі себеп болуы мүмкін, бұл оларды инфекцияларға бейім еткен.

Мақалаға реакция