«Путин артқа шегінбейді» – Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев New York Times басылымына берген сұхбатында «Путин артқа шегінбейді» деп пікір білдірген.

Қасым-Жомарт Тоқаев New York Times газетіне берген сұхбатында Украинадағы соғыс пен Ресей президенті Владимир Путиннің позициясы туралы да айтқан. Ол Қазақстан Ресей-Украина арасындағы келіссөзге алаң ұсынуға дайын екенін жеткізген.

New York Times басылымы «Тоқаев мырза Украинадағы атысты тоқтату «мүмкін» деп санайтынын және келіссөзді өз аумағында өткізуге дайын екенін айтты» деп жазды. Қасым-Жомарт Тоқаев «Владимир Путин елінің ішіндегі қоғамдық пікірдің ықпалына байланысты енді артқа шегінбейді» деген.

New York Times мақаласында Ресей-Украина соғысында Қазақстанның ұстанымы бейтарап екенін, Қазақстан президенті Украина президенті Владимир Зеленскиймен де, Ресей президенті Владимир Путинмен де жолыққанын жазған.

Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қарашада  Уашиңтонға барған. Қазақстан президенті «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысты. Сапар барысында Қазақстанның Ибраһим келісіміне қосылғаны ресми түрде жарияланды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да