Әуезов ауданындағы заңсыз сауда нысандары сүрілді

Алматының Әуезов ауданында рұқсатсыз тұрған сауда нүктелерін кезең-кезеңімен сүру жұмысы жүріп жатыр.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Абзал Егембердиев осылай деп мәлімдеп отыр.

Оның айтуынша, жыл басынан бері ауданда 114 бейстационарлық сауда нысаны мен рұқсат құжаты жоқ 53 силомер (күш өлшеу аппараты) сүрілген. Бұл жұмыс Жер ресурстарын басқару департаментімен бірлесе жүзеге асқан.

Демонтаж жұмыстары басталар алдында меншік иелеріне аумақты босату қажеттігі туралы ескерту хаттары жіберіледі. Көп жағдайда кәсіпкерлер ескертуден кейін нысандарын өздері алып тастайды. Бас тартқан жағдайда, арнаулықызметтер оларды мәжбүрлеп сүрілді, — дейді Абзал Егембердиев.

Бұзылған нысандардың қайта орнатылуына жол бермеу мақсатында аумақтарды тұрақты түрде бақылап, түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл іс-шаралар олардың құқықтық мәдениетін арттырып, белгіленген тәртіпті сақтауына бағытталған.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, бұл жұмыс аудан аумағында тәртіпті, қолайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сонымен қатар заңды бизнесті дамыту үшін тең жағдай жасауға бағытталған.