Тоқаев елімізде оқып жүрген шетел жастарымен кездесті

Мемлекет басшысы елімізде білім алып жатқан шетел студенттерімен әңгімелесіп, оларға сәттілік тіледі. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Бүгінде елімізде 31 мыңнан астам шетел студенті білім алып жүр. Мемлекет басшысы алдағы төрт жылда бұл көрсеткішті айтарлықтай арттыру қажеттігін атап өтті.

Оның айтуынша, 2029 жылға қарай шетел студенттерінің саны 100 мыңға жетуге тиіс.

Айта кетейік, бүгін президент «Қазақстан – академиялық білім аймағы» халықаралық стратегиялық серіктестер форумына қатысып, сөз сөйлеген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да