Ержан Бабақұмаров қызметінен кетті

Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров Қазақстан Республикасының президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымынан босатылды, — делінген құжатта.

Еске салайық, Ержан Бабақұмаров бұл қызметке 2022 жылғы ақпанда тағайындалған еді.

Ол 1969 жылғы 2 наурызда туған. Қазақ мемлекеттік университетін және аспирантурасын бітірген.

Бұған дейін мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрі, мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы, ҚР президенті әкімшілігінің талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі, ҚР президентінің кеңесшісі, Алматы әкімінің орынбасары тағы басқа қызметтерді атқарған.

Экс-министр Асқар Омаров орталық коммуникациялар қызметінің директоры болды.