Астанадағы LRT Қосшы қаласына дейін созылатын болды

Астанада биыл аяқталып, келесі жылдан бастап толыққанды жүретін LRT іргелес Қосшы қаласына дейін тартылатын болды.

Бұл туралы бүгін Нұра ауданындағы «Үркер» тұрғын үй алқабының халқымен кездескен Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеп отыр.

Оның айтуынша, Қосшыдан Астанаға күніне кемі 15-20 мың көлік кіреді.

LRT жобасы жалғасады. Оның келесі кезеңі Қосшыға қарай созылады. Өйткені, Қосшыдан Астанаға күніне 15-20 мың машина кіретінін білесіздер. Ол қала өсіп жатыр және Астанаға жан-жақты көмектесіп жатыр деуге болады. Спутник қала болғандықтан, Қосшыдан Астанаға қарай қозғалыс тоқтамайды, — деді Жеңіс Қасымбек.