Не болды?
2025 жылғы қыркүйекте ҰҚК Алматыда бес шетел азаматы жоспарлаған террорлық әрекеттің алдын алды. Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлап отыр.
Мәлімет
Қазір азаматтардың бәрі қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Бұдан бөлек қыркүйек пен қазанда терроризмді насихаттады деген күдікпен қылмыстық істер аясында сегіз Қазақстан азаматы қамауға алынды.
ҰҚК ақпараты бойынша осы екі айда алты адам террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды, – делінген ақпаратта.
Жыл басынан осындай қылмыс үшін 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде алты адам – шетел азаматы.
