Не болды?
Қазақстанда магистратура мен докторантураға түсуге өтініш қабылдау 28 қазан басталады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.
Мәлімет
Өтініш беру ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты арқылы жүзеге асырылады. Құжаттар 2025 жылғы 10 қарашаға дейін қабылданады.
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураға қабылдау электрондық форматта өтеді. Тестілеуге 3 сағат 55 минут беріледі.
Докторантураға түсу емтиханына өтініш беру де 10 қарашаға дейін жалғасады. Талапкерлер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына құжатын тапсырып, мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын ҚАЗТЕСТ сертификатын және шет тілін білуді растайтын құжатты ұсынуы тиіс.
Докторантураға түсу емтиханы желтоқсан айында өтеді. Ал тестілеу күні мен орны туралы ақпарат талапкерлердің жеке кабинетінде 14 қарашада, түсу емтиханына қатысты мәліметтер 27 қарашада жарияланады.
