Шерзат Болаттың отбасы жаңа үйге көшті

2024 жылы Алматы облысы Талғар ауданында кісі қолынан қайтыс болған жасөспірім Шерзат Болаттың отбасы жаңа үйге көшті.

Қуанышты жаңалықты желіде Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың отбасылық адвокаты Мейірман Шекеев жариялады.

Сіздерге қазақ халқының атынан айтқым келіп отыр. Үйдің салынуы да, осы Шерзаттың ісін де сіздердің көңілдеріңіз шығатын үкім шығуына да барша халық тілектес болды. Бүгін осындай қуанышты жағдайға да сол әкеліп отыр. Осы үйдің салынуына атсалысқан, біріншіден, Асқар деген бауырыма алғыс айтамын. Одан қалса, Асаруме қорының басшысы Асхат та үлесін қосты. Осы үй жанға толсын. Кішкентай-кішкентай Шерзаттарымыз жүгіріп жүре берсін, – деді Шекеев.

Адвокаттың сөзіне қарағанда, үйді салу үшін халықтан ақша жинап берейік деген ұсыныстар көп болған. Алайда Шерзат әкесі Қаржаубай Нұрымов халықтан ақша алмайтынын айтқан. Оған үйді салуға демеушілер көмектескен.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да