Талғарда қаза болған Шерзат Болаттың атына көше беру ұсынылды. Бұл туралы осы отбасының адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеп отыр.
Адвокаттың сөзіне қарағанда, әкім бұл ұсынысқа қолдау білдірген.
16 жастағы Шерзаттың қаны төгіліп, қайтыс болған жердегі көшелер Менделеев және Русставелли деп аталады. Екеуі де Талғарға, тіпті Қазақстанға еңбек сіңірген қазақ тұлғалалары емес. Кеңес өкіметінен қалып қалған. Сондықтан Талғар қаласының әкіміне Менделеев көшесін марқұм Шерзаттың атымен атауын ұсындым. Ол ұсынысыма мүмкіндігінше қолдау білдіретінін жеткізді, — деді адвокат.
Еске салайық, 2024 жылғы 3 қазанда түнде 16 жастағы Шерзат Болат төбелес кезінде қаза болды. Іске қатысы бар тоғыз азамат сотталған болатын.
