Не болды?
Жасанды интеллект салдарынан миллиондаған Қазақстан азаматы жұмыссыз қалуы мүмкін. Бұл туралы жасанды интеллект вице-министрі Дмитрий Мун мәлімдеді.
Мәлімет
Технологиялардың дамуымен шамамен 2,5 миллион адамның еңбегі қажетсіз болып қалуы мүмкін, – деді жасанды интеллект вице-министрі Дмитрий Мун.
Оның айтуынша, мемлекет 2029 жылға дейін 1 миллион азаматты қайта оқытуды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде Astana Hub платформасында жасанды интеллектпен жұмыс істеуге арналған тегін бейнесабақтар мен курстар бар.
Алайда бағдарламаға код жазатын IT-мамандарының еңбегі алдағы уақытта да жоғары сұранысқа ие болады.
