Қазақстанда ең төменгі жалақы қашан көтеріледі? Министр жауап берді

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ең төменгі жалақыны көтеру мәселесіне қатысты пікір айтты.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта үкімет қаржылық тұрақтылыққа басымдық беріп отыр. Бұл бағытта бюджет тапшылығын азайту, шығыстарды оңтайландыру және кірістерді ұлғайту шаралары қолға алынған.

2026 жылы ұлттық қордан мақсатты трансферттерден бас тартамыз. Соның арқасында қорда 24 триллион теңге қалады. Әрине, бұл қаражатты пайдаланып, ең төменгі жалақыны көтеруге болар еді. Бірақ алдымен тұрақты қаржылық база қалыптастыру қажет. Сол кезде ғана жалақыны өсіруге мүмкіндік туады. Ол күн де алыс емес, — деді Жұманғарин мәжілістегі брифиңде.

Вице-премьердің айтуынша, үш жылдық бюджетте келесі жыл нақты жоспарланған, ал одан кейінгі екі жыл болжам ретінде қабылданған. Үкімет ең төменгі жалақыны арттыру мәселесін тұрақты бақылауда ұстап отыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да