Әбу-Дабиде Балнұр Асанованың «Уақыт көшпенділері» көрмесі өтеді

2025 жылғы 16–25 қазан аралығында Әбу-Даби қаласындағы Etihad Modern Art Gallery (V15, Al Huwelat St. Al Bateen) галереясында қазақстандық суретші әрі дизайнер Балнұр Асанованың «Уақыт көшпенділері» атты жеке көрмесі өтеді.

Көрме экспозициясы Ұлы дала өркениетінің жадына арналған — онда көшпенділердің дәстүрі, рухани құндылықтары мен мәдени мұрасы заманауи өнер тілінде көрініс табады.

5c1a037ee118dd43d4c3bb7c69f7dbf5 Әбу-Дабиде Балнұр Асанованың «Уақыт көшпенділері» көрмесі өтеді
«Уақыт көшпенділері» көрмесі

Экспозиция құрамында:

  • гобелендер – жаңа кеңістіктік тереңдікті бейнелейді;
  • сурет туындылары – жарқын палитра мен органикалық пішіндер;
  • керамикалық жұмыстар – ата-баба жадының көрінісі;
  • ұлттық өрнекпен безендірілген киім коллекциялары – көшпенді мәдениетінің заманауи интерпретациясы ұсынылады.
97e8cb2397e0b0badfc6b72d5dbcf1e4 Әбу-Дабиде Балнұр Асанованың «Уақыт көшпенділері» көрмесі өтеді
«Уақыт көшпенділері» көрмесі

Балнұр Асанова – өнертану кандидаты, «Сымбат» сән академиясының арт-директоры, халықаралық байқаулардың лауреаты. Оның еңбектері Түркия, Франция, Германия, АҚШ және басқа да елдердің галереяларында көрсетілген.

Көрме уақыты: күн сайын 10:00–17:00

Кіру тегін.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да