Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

21 қазан күні Республика күнін мерекелеу аясында Алматыда салтанатты іс-шара өтеді. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Астана» алаңында қала әкімі қатысатын шара барысында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Жедел медициналық көмек қызметіне» жаңа санитарлық автокөлік кілті табысталады, – делінген хабарламада.

Іс-шараны ұйымдастыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Төле би көшесінің Абылай хан көшесінен Панфилов көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Шектеу 21 қазан күні сағат 10:30-дан іс-шара аяқталғанға дейін екі бағытта да қолданылады.