Алматы прокуратурасының көмегімен 71,9 гектар жер мемлекет меншігіне өтті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Тексеріс нәтижесінде қаланың элиталық бөлігінде орналасқан учаскелер Жер кодексінің талаптарын бұза отырып пайдаланылғаны анықталды. Себебі шетелдік субъектілер Қазақстан аумағында ауыл шаруашылығы жерлеріне иелік ете алмайды.
2025 жылғы 16 шілдеде прокуратураның талап-арызы бойынша қаланың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жерді мемлекетке қайтару туралы талаптарды қанағаттандырды. Осылайша, құны 5,9 миллиард теңге жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды, — делінген хабарламада.
