Ең көп жалақы алатын елдер анықталды

Жұмысшылардың таза базалық жалақысы мөлшері анағұрлым жоғары Швейцария елі көш бастап тұр. Швейцариялықтар басқа елдермен салыстырғанда шамамен 50%-ға жоғары жалақы алады.

Тіпті, еңбек жолын енді ғана бастаған қарапайым қызметкерлер мен орта буынды менеджердің орташа айлығы Еуропаның басқа 15 елімен салыстырмалы түрде тым жоғары болып табылады.

Нақты деректерге сүйенсек, Швейцариядағы орташа жылдық жалақы мөлшері 151 346 еуроны құрайды. Бұл тідімде екінші орында Люксембург тұр – орташа таза жылдық жалақы мөлшері 101 764 еуроны құрайды.

Ал, еңбек жолын енді ғана бастаған швейцариялықтардың орташа айлығы 82 582 еуроға тең. Екінші орында Дания – 54 940 еуро.

ДереккөзReactor.inform.kz