Швейцарияда жүргізушісіз автобустар қолданысқа беріледі

Швейцариялық CarPostal компаниясы Сьон қаласының әкімшілігімен біріге отырып, қоғамдық транспортты жаңарту мақсатында жаңа жобаны қолға алды. Жобаның мақсаты – өзін-өзі басқаратын автобустарды тәжірибеден өткізу.

Келесі жылдың көктем мезгілінен электр энергиясымен жүретін автобустар туристерді тасымалдау қызметіне қосылмақ. Қоғамдық транспорт қашықтықтан арнайы құрылған команданың бақылауында болады. Оқыс жағдай орын алатын болса, мамандар басқаруды лезде өз қолына алады.

ДереккөзMassaget.kz