Астанада үйінде есірткі сақтаған әйел 7 жылға сотталды

Астанада жергілікті тұрғынға есірткі заттарын заңсыз сақтағаны және сатпақ болғаны үшін үкім шығарылды. Бұл туралы қалалық сот хабарлап отыр.

Сот мәліметінше, әйел адам әлеуметтік желі арқылы белгісіз тұлғамен алдын ала сөз байласқан. Күдікті өз үйінде сату мақсатында жалпы салмағы 8,17 грамм болатын α-PVP психотроптық заты бар 20 түйіндеме сақтаған.

Айыпталушының кінәсі куәгерлердің айғақтары, ұялы телефондағы хат алмасулар, сараптама қорытындылары және тінту сәті түсірілген бейнематериалдар арқылы дәлелденді, — делінген сот хабарламасында.

Қылмыстық кодекстің тиісті бабына сәйкес, мұндай қылмыс үшін жеті жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған. Сот астаналық әйелді кінәлі деп танып, оған жеті жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да