Талғар ауданына жаңа прокурор тағайындалды

Бас прокурордың бұйрығымен Жайнарбек Мыңбаев Талғар ауданының прокуроры болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Прокуратураның мәліметінше, Жайнарбек Мыңбаев еңбек өтілін 2012 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы прокурорының көмекшісі қызметінде бастаған. Кейін облыс прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының прокуроры және аға прокуроры қызметтерін атқарған. 2017 жылы бас прокуратураның жанындағы құқық қорғау органдары академиясының магистратурасын үздік бітірген.

2017 жылы бас прокуратураның бірінші қызметіне аға прокурор және 2021 жылы бас прокурордың көмекшісі лауазымдарын атқарған. 2024 жылғы қазан айынан бастап бас прокурордың аға көмекшісі — топ жетекшісі болып жұмыс істеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да