Теміржол билеттері 7 бағыт бойынша жеңілдікпен сатылады

Теміржол билеттеріне жеңілдіктер мерзімі қысқа дейін ұзарды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» хабарлап отыр.

Жолаушылар 3 қараша мен 11 желтоқсан аралығында жеті бағытқа билеттерді 40%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады. Билеттер саны шектеулі.

Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жүретін пойыздар:

  • № 9/10 «Астана – Алматы», вагон түрі: отыратын, жеңілдік: 40% — пойыз жөнелтілуіне 45-тен 10 күнге дейін сатып алынған орындарға;
  • № 65/66 «Астана – Жезқазған», вагон түрі: туристік, купелік орындарға 25% жеңілдік;
  • № 67/68 «Астана – Өскемен», вагон түрі: туристік, жеңілдік: 30% — үстіңгі сөрелерге;
  • № 77/78 «Алматы – Маңғыстау», вагон түрі: купе, үстіңгі орындарға 25% жеңілдік;
  • № 351/352 «Алматы – Өскемен», вагон түрі: купе, жеңілдік: 30% — үстіңгі орындарға;
  • № 691/692 «Атырау – Ақтөбе», вагон түрі: купе, үстіңгі орындарға 20% жеңілдік.

Күн сайын қатынайтын пойыз № 11/12 «Алматы – Шымкент», вагон түрі: туристік, купелік орындарға 25% жеңілдік.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да