Президент Орталық Азия мен Ресей ынтымақтастығын тереңдетуді ұсынды

Қасым-Жомарт Тоқаев екінші «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысып, былтыр Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі 28 миллиард долларға жеткенін айтты.

Ақорданың хабарлауынша, президент аймақ пен Ресей арасындағы экономикалық және индустриялық ынтымақтастықты дамыту бағытындағы басым міндеттерге тоқталды.

Алғашқы саммитте біз экономикалық ынтымақтастықтың жаңа үлгісін қалыптастыру жөнінде уағдаласқанбыз. Бүгін қабылданатын Бірлескен іс-қимыл жоспары 50-ден аса шараны қамтиды. Бұл — өте маңызды құжат. Орталық Азия елдерінің Ресеймен сауда көлемі барлық тауар айналымының үштен бірі болды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 20 пайыз өсіп, 50 миллиард доллардан асты, оның жартысы Қазақстан мен Ресей арасындағы саудаға тиесілі, — деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Ресей — Қазақстан экономикасына қаржы құйған ірі инвесторлардың бірі. Инвестиция көлемі 26 миллиард доллардан асқан. Тек былтырдың өзінде Ресейден келген тікелей инвестициялар 33 пайызға өсіп, 4 миллиард доллардан асқан.

Қазіргі уақытта жалпы құны 21 миллиард доллар болатын 114 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр, ал 33 жоба бойынша жаңа жұмыс басталған.

Тараптар сауда кедергілерін жоюды, өзара сауданы жандандыруды және тауар айналымының номенклатурасын кеңейтуді қолдайды. Шекаралық сауда аймақтарын құру, бизнес-форумдар мен көрмелер өткізу, электрондық сауданы дамыту – осы мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді, — деді мемлекет басшысы.

Тоқаевтың айтуынша, Орталық Азияда бірлескен сауда-өнеркәсіп аймақтары мен индустриалды хабтар қалыптаса бастады. Бұл жобалар өндірісті локализациялауға, тұрақты тасымал мен өзара кооперацияны арттыруға мүмкіндік береді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да